СПОРТ КҮНІ – ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН СӘТ

60
«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Спорт күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл шара спорт саласында аянбай еңбек еткен, өз ісінің нағыз шебері атанған тұлғалардың жетістіктерін дәріптеуге арналды.
Салтанатты жиынды ҚР Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Шеримов Руслан мырза жүргізіп, спорттың қоғам өміріндегі орнын ерекше атап өтті. Ол өз сөзінде спорттың тек дене шынықтыру емес, сонымен қатар ұлт саулығы мен рухани күшінің қайнар көзі екенін жеткізді.
Мерекелік жиын барысында спорт саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан азаматтар марапатқа ие болды.
Марапаттарды ҚР Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Руслан Шеримов табыс етті.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Алғыс хатымен және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының Алғыс хатымен
Мамыков Арысбек Жаркынбаевич – «Шымкент» ойын түрлерінен спорт клубы» директорының орынбасары
Орақбаев Канат Қадыралиевич – «Шымкент кәсіпқой бокс түрлері клубы» директоры марапатталды
Ал өз кезегінде «Спорт саласының кәсіподақ үздігі» төсбелгісімен:
Абдуллаев Данияр Намазбаевич – спорттық нұсқаушы;
Мирсалимов Уткир Назыркулович – бокс жаттықтырушысы
Байтелі Жандос Дәрібекұлы – әдіскер
Жақып Төрекыз Жаппарқызы – еден жуушы марапатталды.
ҚР Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының Құрмет грамотасымен:
Талипберген Еламан Батырулы, Шакирова Альфия Мидхатовна, Медетбеков Зайда Ашимович, Тайгашов Баглан Болатович, Жумабеков Жандос Нурланович, Юсупова Альмира Эрсантовна, Кабылбекова Разия Мухтархановна, Жетписбаева Акмарал Тлешқызы, Әбдікапбар Дидар Ұланқызы, Құлбеков Марғұлан Рүстембекұлы өз марапаттарын алды.
Бұл марапаттар – спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және кәсіподақ қызметіне қосқан үлестеріңіздің лайықты бағасы!