ШАРДАРА СУ ҚОЙМАСЫНДА ТҰҚЫ БАЛЫҒЫН АУЛАУДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

160
Шардара қаласындағы Шардара су қоймасында тұқы балығын спорттық аулаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ауқымды жарысқа еліміздің әр өңірінен келген үздік спорттық балықшы командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Чемпионат жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар арасында әділ әрі тартысты ойын өтті.
⤵️Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға төмендегі командалар ие болды:
І орын – «GT» командасы, Астана қаласы
ІІ орын – «JB» командасы, Түркістан облысы
ІІІ орын – «Fishing Shym» командасы, Түркістан облысы
✔️Өңірде бұл жарыстың маңыздылығы артқан. Себебі 2029 жылы дәл осы Шардара су қоймасы тұқы балығын спорттық аулаудан Әлем чемпионатына ресми түрде таңдалып отыр. Бұл – Шардара өңірінің табиғи әлеуеті мен спорттық инфрақұрылымының халықаралық деңгейге сай екенін айқындайды.
✔️Сонымен қатар жеңімпаз командалар 2026 жылы Македония Республикасында өтетін Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. Мұндай халықаралық және ұлттық деңгейдегі жарыстар – еліміздегі спорттық балық аулау мәдениетін дамытуға, экологиялық туризмді ілгерілетуге және өңірдің халықаралық имиджін арттыруға үлкен үлес қосады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі