ШЫМКЕНТТЕ ДЕМЕУШІ ЕСЕБІНЕН САЛЫНҒАН ЖАҢА СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

854
Жеке кәсіпкер «Eurasian Resources Group» ЖШС–нің жеке қоры есебінен салынған тағы бір спорт алаңшасы Еңбекші ауданында ашылды. Қарабастау тұрғын алабындағы пайдалануға берілген көп функционалды спорт алаңшасының ашылу рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.
Спорт алаңша жеке кәсіпкер «Eurasian Resources Group» ЖШС-нің жеке қоры демеушілігі есебінен салынды. Қаржы көлемі – 13 млн теңге. Құрылысын жүргізген мердігер мекеме «Ферротекс» ЖШС-гі. Жалпы ауданы 324 шаршы метрді құрайтын бұл нысанда спорттық жабдықтармен және дене шынықтыруға арналған қондырғылармен жабдықталған. Мұнда спорттың волейбол, баскетбол футбол түрімен және стрит воркаутпен айналысуға болады.
Спорт алаңшасын таныстыру барысында аудан әкімі Д.Есілбек 2011-2020 жылдар аралығында аудан аумағында 85 алаңша құрылғанын және осы жылы 15 спорт алаңшасын құру жоспарланып жатқанын баяндады.
Қарабастау тұрғын алабында 8932 халық тұрады. Оның ішінде жалпы балалар саны 3370.