Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың салауатты өмір салтын насихаттау және көпшілік спорт түрлерін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының футбол федерациясы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі бірігіп ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның футболдан қыздар лигасының жоғары оқу орындары арасында Республикалық сайыс өтті. Аталған турнирге республикамыздың 12 жоғары оқу орынның қыздар командалары қатысқан. Аталмыш байрақты бәсекеге Шымкент қаласынан Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «ХДУ» командасы қатысып жүлделі бірінші орынды иеленді.
Айта кетсек: Турнирдің «В» тобында өнер көрсеткен университет командасы Батыс Қазақстан мемлекеттік университет командасын 6:0 есебімен ұтса, Қазақстан Агротехникалық университетінен 15:0 есебімен басым түсті. Астана құрамасын 4:3, ал Петропавл құрамасын 17:0 есебімен ұтты. Жартылай финалда Петропавл командасын 12:0 есебімен жеңіске жетсе, финалдық сайыста Астана құрамасын 6:1 есебімен тізе бүктірді. Сонымен қатар, университет студенттері турнирдің «Ең үздік ойыншысы» дене шынықтыру және спорт мамандығының 2 курс студенті Ниязиамуддинова Анастасия атанса, «Ең үздік шабуылшы» номинациясын университеттің 3 курс студенті Тұрлыбекова Аселхан жеңіп алды. Аталған университеттің ректоры Р. Қуатбекова «Біз бұл жеңісімізді ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнадық десекте артық айтпаған болар едік. Себебі Республикалық сайыстағы жеңісіміз тек университетіміздің ғана емес, бүкіл Шырайлы Шымкент өңірінің спорт саласының дамуына қосқан үлесі және жетістігі деп білеміз. Алдағы уақытта да қыздарымызға жемісті жеңістер тілеп, биік шыңдардан көрінулеріне университет ұжымының атынан тілек білдіремін»-деді оқу орнының басшысы.