Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту, балаларға спорттық инфрақұрылымның қолжетімді болуын қамтамасыз ету тапсырмасы бойынша Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов және қалалық мәслихат депутаттары аудандағы абаттандыру жұмыстарының барысын аралады.
Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне баса назар аударған дұрыс. Балалардың спортпен етене болып өсуі келешекте дені сау ұлттың қалыптасуына ықпал етеді. Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Спорт инфрақұрылымының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек.
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтың қала аумағындағы инфрақұрылым жүйелерін дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Осы орайда, Қаратау ауданының әкімі және мәслихат депутаттары құрылысы жүріп жатқан балалар ойын алаңшасының жаттығу элементтерімен танысты.