«МЕН ӨМІРДІ ТАҢДАЙМЫН» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

572

Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбында кездесу өтті.

Аталған іс-шараға «Индустриалды техникалық колледжінің» психолог маманы Сейдиева Сания Алтайқызы және колледж студенттері қатысты.

Кездесудің мақсаты — жастар мен жасөспірімдердің арасында девиантты мінез-құлықтың алдын-алу және өзіне деген сенімділікті күшейту, ішкі қабілеттерін дамыту.