ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

779

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату сайысына әлемнің 12 елінен 22 спортшы қатысқан.

Өзінің шеберлігінің арқасында жерлесіміз кіл мықтылардың ішінен топ жарып 1 алтын, 2 күміс медаль иеленді. Алтын алқаны жарыстың алғашқы күні корей стилі бойынша өткен сайыста алса, кассай (венгр) стиліндегі жарыста күміс жүлдегер атанды. Нәтижесінде, А.Ералхан Әлемнің вице-чемпионы атанды.

 

 Айта кетейік, ел намысын қорғаған отандасымыз бұл жеңісін Қазақстан Тəуелсіздігінің 30 жылдығына арнайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, алдағы уақытта шеберлігін шыңдай түсіп, талай белестерді бағындыру жоспары бар екенін жасырмады. Ал, Түркістан облыстық ұлттық спорт мектебінің директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушы Ғани Ахметбаев бұл спортшымыздың болашағынан мол үміт күтуге болатынын айтты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі