ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ЖАС АНАЛАРҒА АРНАЙЫ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ

612

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Отбасы күні» мерекесіне орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Aутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімі мен Еңбекші ауданы мамандарының ұйымдастыруымен «Көмек оңалту орталығының» жалғыз басты жас аналарына арнайы “Үй жағдайында сәбилерге арналған массаж түрлері” бойынша шеберлік сабағы өткізілді.

Шеберлік сабағына массаж шебері Меруерт Файзуллақызы және «Көмек оңалту орталығының» жас аналары қатысты.

Сабақ барысында Меруерт ханым жас аналарға өз тәжірибе кеңестерімен бөлісіп, үй жағдайында балаларға арналған массаж түрлерін үйретті.