Қазақстандықтар Америка президенті Дональд Трамптың келе жатқан Тәуелсіздік күніне орай құттықтау хабарламасын алды деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігі.
АҚШ президентінің құттықтауын
кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөніндегі қазақ-американ комиссиясының кезекті отырысының нәтижелері бойынша баспасөз конференциясында АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісінің бірінші орынбасары Элис Уэллсжолдады.
Өз сөзінде Элис Уэллс Қазақстанға Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары барысында өткен келіссөздер кезінде Назарбаев пен Трамп арасында қабылданған уағдаластықтардыжүзеге асыру бойынша жұмыс істеп жатқаны үшін алғысын білдірді.
Сондай-ақ, Уэллс екі тараптың БҰҰ Қауіпсіздік КеңесіндеҚазақстанның екі жыл мүшелік етуі туралы сөз еткендерін атап өтті.
«Сондай-ақ, мен сіздердің алдағы уақытта тойланатын Тәуелсіздік мерекелеріңізге Трамп мырзаның құттықтауын жолдағым келеді. Біз сіздерге қолдау көрсетуге дайынбыз»,- деді Элис Уэллс.