НАШАҚОРЛЫҚ — БОЛАШАҒЫҢА ЖАСАЛҒАН ҚАСІРЕТ

1865
«Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін
жағымсыз әрекет – ол нашақорлық” Н.Ә.Назарбаев.
Дүние жүзін жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын жайып барады. Келешек ұрпаққа ақыл, бағыт – бағдар беретін аға – апаларымыз есірткіні “ табыс көзі” көріп, қаншама адам өмірін құртып отыр.
Олардың тіпті мектеп оқушысына алғашқы мөлшерді тегін беріп, қызықтыруы айуандық деп есептеймін.
Дәл қазіргі таңда әрбір отбасының есігі мен терезесіне ұңіліп, үй айналасын торып, ғасыр індеті жүр. Бұл індеттің аты – нашақорлық.
Халқымыздың денсаулықты байлық пен басқадан да жоғары қоюынан-ақ оның қадірі қаншалықты екенін білуге болады. Осындай баға жетпес байлықтың қадірін түсінбей, өз өміріне өз қолдарымен балта шауып жүрген жандар қаншама!
Қазіргі уақытта жастар арасында есірткіге бой ұру етек алып барады. Менің ойымша, оған көптеген себептер бар. Біріншіден, бозбалалар мен бойжеткендердің бұл жаста өздеріне не керек екенін білмей, еліктеушілікке салыну.
Есірткіге құмарлық ең қауіпті және апатты аурулардың бірі. Есірткіні пайдаланудың кезеңі қоғамдық факторлармен байланысты өзіңнің таныс топтарыңның арасына оларға еліктеу және абырой алу болады. Нашақорлық тұңғиық түбі, адамды еліктіретін аждаһаның бір басы.
Адам ағзасына өте тез уландыратын аса қауіпті психикалық дерт. Оны әсіресі жас ағза тез қабылдайды. Бұл адамның көңіл – күйін, сана – сезімін, мінез – құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі.
Есірткі – аса қауіпті, айығуы үмітсіз әлеуметтік дерт және осыған жету үшін дұрыс жолды білмейтін балалар да бар.
Осындай аты жаман дертке душар болудан аулақ болуға жастарға бағыт бағдар айтудамыз. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері спорттық ойындар, жарыстар жиі ұйымдастыруда.