Ерікті жастар «NIGHTQUEST» кітапханасындағы түн кешіне қатысты

629

Бүгін Қаратау ауданының ерікті жастары «NIGHTQUEST» кітапханасындағы түн кешіне қатысты. Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен өткен инновациялы, креативті форматта жаңалыққа жаны құмар жастар NIGHTQUEST — кітапхана бойынша квест саяхатқа шығып, басты кейіпкер Әбу Насыр әл-Фарабидің нақыл сөздерін, трактаттарын, ғылыми еңбектерін нақтылап, кітапхананың жаңа келбетімен танысты.

Сонымен қатар, BOOKparty шарасы барасында викториналық сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасып, белсенді жауап берген жастарға ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлықтар табысталды.