ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ПОЛЬШАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

688
2021 жылдың 07-11 қазан аралығында Польшаның Ломянки қаласында пара-биден халықаралық ашық чемпионат өтті. Бұл сында Шымкент қаласының N19 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған спорт клубының шәкірттері қатысып, жүлделі орынға ие болды. Жарысқа әлемнің 16 елінен 120-дан астам спортшы қатысты.
Айдана Мұқанова мен Ермек Қалымбетов жұптасып билеуден дуо латина және фристайл жаттығуы бойынша екінші орынға ие болды.
Сонымен қатар, Ермек Қалымбетов жекелей фристайл сайысында 2-ші орынды жеңіп алды. Спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы – Дарья Жұмаділлаева.
Айта кетсек, Ермек Қалымбетов әлем чемпионатының үшінші орын иегері. 2016 жылғы Азия чемпионы, 2019 жылы Италияда өткен әлем кубогының қола жүлдегері.