«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

632
Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизмнің алдын алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталмыш шараға Шымкент қаласы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Нұржан Күндебай, Шымкент қаласы бойынша «Ақниет» ақпараттық — насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ аймақтық өкілдігінің басшысы Дәлелхан Оспанов және «Авиценна» көпсалалы медициналық колледжінің студенттері қатысты.
Іс-шара барысында бүгінгі таңдағы өзекті деген үлкен мәселелердің бірі – дін саласындағы түрлі діни ағымдардың қаптап кетуі. Қазіргі таңда кереғар діни ағымдар қоғамға, айналаға, соның ішінде жастарға ерекше әсер етіп, адамдардың негізгі құқықтарына нұқсан келтіріп ұдайы адастырумен келетіндігі жайлы айтылды. Сондай-ақ сала мамандары қазіргі уақытта в контакте, инстаграм, ютуб, телеграм және де уатсап желілеріндегі келетін діни ақпараттарды қолданған кезде арнайы мешіт имамдарының көмегіне жүгінген дұрыс деп санайды.