Түркістанда өткен айтыста әкім жеңімпазға Kia Rio көлігін сыйлады

1090

Түркістандағы айтыстың бас жүлдесі — Дәурен Ақсақаловта! Жеңімпазға бас жүлдеге тағайындалған «KIA Rio» автокөлігінің кілтін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев тапсырды.

Screenshot_8.jpg

Бүгін Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Түркістан облысының құрылуына 3 жыл толуына орай «Түрленген, гүлденген Түркістан» республикалық ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Айтыскерлердің өнерін Әселхан Қалыбекова, Бекарыс Шойбеков, Бауыржан Халиолла, Маржан Есжанова бастаған қазылар алқасы бағалады. Екі күнге созылған айтыс қорытындысы бойынша бас жүлдені түркістандық Дәурен Ақсақалов жеңіп алды.  1 орын  Мұхтар Ниязов, 2 орын Аспанбек Шұғатаев пен Жансая Мусинаға бұйырды. 3 орынның жүлделері Айбек Қалиев, Төлеген Жаманов, Мейірбек Сұлтанхан, Шұғайып Сезімхан сынды ақындар еншіледі.