Ағымдағы жылдың 13-қазанында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының ЖПҚБ ювеналды полиция тобының инспекторы полиция майоры Р.И.Ирисбеков қаладағы Р.Мырзашев атындағы №76 жалпы орта білім беретін мектептің оқушыларына жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қиын балалардың пайда болу себептерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп, жайсыз отбасыларды анықтау мақсатында құқық бұзушылыққа бейім балалардың үйлерін аралап, әлеуметтік жағдайларымен танысу мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізіліп жатқандығын сөз етті. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің қатысуымен болатын құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.
Іс-шара барысында полиция инспекторы оқушыларға тәртіпті болуға, адамгершілікті ұстануға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы айтылды.
Өз кезегінде, мектеп инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері күнделікті таңғы сағат 07:30-08:30, түскі сағат 12:30-14:30 және кешкі сағат 17:30-19:30 уақыт аралығында қала аумағындағы барлық мектептің маңындағы жолдардан оқушылардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету бағытында қызмет атқарады.