Бұдан былай есірткі заттарын жарнамалайтын немесе, психотропты сипаттағы заттар бейнеленген тауарларды саудалауға қатаң тыйым салынады. Бұл ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы жақында ғана енгізілген Жаңа Заң. Ал, аталмыш ереже мегаполис шаһарда қалай жүзеге асып жатыр. Алдағы сюжетте толығырақ…
Спикер: Айжарқын Қалмұрзаева — Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің инспекторы
Жаңа Заң шықты. Құжат күшіне енгелі екі айдың жүзі болды. Бұдан былай есірткі заттарын жарнамалайтын тауарды сатқаны үшін сауда үйі 300 бен 1000 Айлық есептік көрсеткіш арасында айыппұл төлейді. Бұл туралы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнамасы 423 кодексінде тайға таңба басылғандай көрсетілген.
Қуаныш Юсупов – Шымкент қалалық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі
Шараға тәртіп сақшылары, жастар ресурстық орталығы және «Ардақ-кз» ақпараттық порталы мұрындық болды. Жауаптылар адамның сезімі мен түйсіктеріне бейсаналық әсер ететін, есірткі заттарына қызығушылығын қалыптастыратын немесе оларды қолдайтын бейнелер мен жазулары бар заттарды сатуға тыйым салынғанын ескертті. Бірқатар сауда орталықтарын аралап, киім сататын дүңгіршектердің иелерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Енді ескертуді елеймей, шектеуге шекеден қарайтындарға аяушылық жоқ. Өйткені, ұлтты жоюдың бірден-бір жолы – оның санасын улау. Ал, бұған жол бермеу үшін дәл осындай шаралардың берер нәтижесі мол.
Г.Қалмырзақызы
Ardak.kz ақпараттық агенттігі