Жер бетіндегі 10 шақты адамда ғана бар: Құлыбаевтың толық брондалған қымбат көлігі жұрт назарына түсті

668

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев әлемдегі ең қымбат көліктің иесі атанды. Тіпті мұндай транспорт жер бетіндегі 10 шақты ғана адамда бар, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Тимур Құлыбаевтың тізгіндеген көлігі туралы ztb жазды. Ондағы дерекке сүйенсек, 2021 жылы шыққан Aurus Senat Limousine көлігін Ресей шығарады. Содан да болар бұл люкс санаттағы толық брондалған транспортты Владимир путин, Дмитрий Медведев және Түркменстанның бұрынғы президенті Гурбангулы Бердімұхамедов мінеді.

Енді әлемдегі 10 шақты ғана адамда бар көлік Назарбаевтың күйеу баласына да бұйырып отыр.

Aurus маркалі көліктері Путиннің бұйрығымен өндірілуде. Ерекшелігі көлік жүргізушіне де, жолаушыларға да сырттан еш қауіп жоқ. Оқ өтпейді, өрт қауіпсіздігі бар, тіпті шұғыл байланысқа шығу мүмкіндігі де қарастырылған.