Мамандық таңдаудың маңызы зор

1392

Жоғары сынып оқушыларын жиі толғандыратын мәселелердің бірі – мамандық таңдау. Сондықтан «Кім боласың?» деген сұраққа әркім әртүрлі жауап береді. Осыны ескергендер Шымкенттегі №17 Лермонтов атындағы жалпы орта мектепте «Болашаққа қадам» атты семинар-тренинг ұйымдастырды.

Жансая Жолдасбек Лермонтов атындағы №17 мектептің 11 сынып оқушысы. Бұрымды қыз сеп-қисапқа жүйрік. Математика пәнін сүйіп оқығанмен, Жансаяның мақсаты — тым бөлек. Шығыстанушы болуды армандайды. Ал, бүгінгі тренинг оның ойындағы сан сауалға бір жауап болды.

Жансая Жолдасбек – оқушы

Бүгінгі семинарға Жансая сынды жүздеген оқушы қатысты. Жиынды танымал коуч Қавнат Әбілдәбеков жүргізіп, шәкірттерге мамандықты дұрыс таңдауға жол сілтеді.

Қанат Әбілдабеков – коуч-тренер

Айту керек, маңызды шараны Жастар руесрстық орталығы, Атамекен кәсіпкерлік палатасы мен «Ардақ-кз» ақпараттық порталы ұйымдастырды.

Дәрменбай Шәріп – «Ardak.kz» ақпараттық порталының бас редакторы 

Көптеген оқушылар ата-анасы, туыстары, мұғалімдері қалаған мамандыққа баруды ұйғарады. «Диплом алып алайын, қалғанын көре жатармын» деп ойлайды. Дәл осылай ойлаған қаншама адам кейін өз ісіне салғырт қарайтындардың қарасын көбейтеді. Немесе, керісінше, мүлде басқа салада жұмыс істеуге мәжбүр. Кейде ата-анасына ерегесіп, мамандық алмағандар да ақыл тоқтатқан кезде өкініп қалып жатады. Сондықтан, мұндай семинарлардың болашақ мамандарға берері зор болмақ…

Автор: Г. Қалмырзақызы                  

Ardak.kz ақпараттық порталы