5 млн-ға жасалған келісім-шарттың жартысы, 3 383 720 теңгесі шенеуніктердің тамақтануына жұмсалған. Ал қалған ақша «ойын-сауық қызметтеріне» кететіні белгілі болды.
Шымкент әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация «ресми» үш түскі ас пен кешкі асқа бюджет есебінен 3,3 млн теңге жұмсаған, деп жазады Орда.кз.
Тендер бойынша орындалған жұмыс актілерінде:
«Іскерлік миссия аясында шенеуніктер Татарстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдерімен іскерлік кездесу мен кешкі ас өткізгені» айтылған.
«Инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша өзара ынтымақтастықты талқылау мақсатында Шымкентте Польшадан келген Selena Group өкілдерімен іскерлік кездесу және түскі ас ұйымдастырылды.
Польша өкілдерінің алдағы іскерлік миссиясына байланысты Польшаның Бас консулы Виолетта Собераньяскамен іскерлік кездесу ұйымдастырылды» деп хабарлады Шымкент әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі.
19 қарашадағы құжаттар бойынша 250 адам 2 917 000 теңгеге түскі ас ішкен. Кешкі асқа 8 адам қатысып, 93 344 теңге жұмсаған. Ал түскі асқа 25 адам келіп, 291 700 теңгеге тамақтанған.
11 қыркүйектегі құжатта 7 адам 81 676 теңгеге тамақтанған, сонда адам басына 11 668 теңге кеткен.
5 млн-ға жасалған келісім-шарттың жартысы, 3 383 720 теңгесі шенеуніктердің тамақтануына жұмсалған. Ал қалған ақша «ойын-сауық қызметтеріне» кететіні белгілі болды.