Мемлекет басшысы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жәрдемақысын өсірді

826
Президент, сондай-ақ, Салық кодексіне түзетулер енгізу туралы заңға қол қойды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы «Ардагерлер туралы»,»Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға қол қойды.
Заңға сәйкес, ардагерлердің санаты кеңейтілді:
  • ҰОС ардагерлері, оларға ҰОС қатысушылары мен ҰОСмүгедектері жатады;
  • басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, оған Ауғанстандағы ұрыс-қимылға қатысқан әскери қызметшілер, 1992 жылдан 2001 жылға дейінгі кезеңде тәжік-ауған шекарасында ТМД-ның сыртқы шекарасын күзетуді күшейтуге, 1968 жылы Чехословакиядағы жанжалды реттеуге,Таулы Қарабахтағы этносаралық жанжалды реттеуге қатысқан адамдар, сондай-ақ Ирактағы бітімгершілік операцияларына қатысқан ұлттық контингент қосылған;
  • жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, оларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген азаматтардың 8 санаты және ҰОС мүгедектеріне теңестірілген азаматтардың 5 санаты кіреді;
  • еңбек ардагерлері, оған Социалистік Еңбек ерлері, үш дәрежелі «Даңқ», үш дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегерлері, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған тұлғалар, 1942 жылдан 1945 жыл аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген, әскери қызмет өткерген және ҰОС жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО орденімен және медальдарымен марапатталған азаматтар жатады.
Жәрдемақы қаншаға өсті?
Социалистік Еңбек ерлері, оның ішінде ҰОС қатысушыларын ескере отырып, үш дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегерлеріне тағайындалатын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері «Қазақстанның Еңбек Ері» алатын жәрдемақы мөлшерімен теңестірілді. Яғни, жәрдемақы 138,63 АЕК-ке (2020 жылы 385114 теңге) дейін артты.
Сонымен қатар, 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-тегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 4,8 АЕК-ке (2020 жылы 13 334 теңге) дейін өсті.
Бұдан бөлек, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдардың ардагерлері ретінде танылатын жаңадан қосылған әскери қызметшілерге 4,8 АЕК (2020 жылы 13 334 теңге) мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
Президент, сондай-ақ, Салық кодексіне түзетулер енгізу туралы заңға қол қойды. Оған сәйкес, ардагерлер бірқатар салық пен міндетті төлемдерден босатылды.