Қазығұрт ауданында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына – 30 нысан» іс-шарасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына – 30 нысан» іс-шарасы жалғасып жатыр. Осы іс-шара аясында Шарбұлақ, Құларық, Тесіктөбе елді мекендерінде жаңа көпірлер пайдалануға берілді. Нысандардың ашылу рәсіміне аудан әкімі А.Абдуллаев, облыстық мәслихаттың депутаттары Н.Аширов, Г.Тәжібаева, мәслихат хатшысы Ө.Көпеев және ардагерлар кеңесінің төрағасы А.Омаров арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын айтулы мерекемен және жаңа нысандардың ашылуымен құттықтады.

Бұған дейін бұл ауылдарда сапалы көпір болмаған. Жергілікті тұрғындар арасында «темір көпір» деп аталып кеткен, бір ғана көлік сыятын көпірлер бар еді. Оның өзі ескіріп, қауіпсіздік талаптарына сай болмай шыққан. Осыны ескерген жергілікті әкімдік елдің тілегін орындап, жаңа көпір тарту етті. Бұл жұмыстар облыстық бюджет есебінен жүргізілген. Облыстық мәслихат депутаттары да игі іске қолдау білдірген.