Қазақстан тұрақты әскерінің саны қанша? Көш бастаған Қытайда ше?

853

Тұрақты әскери күштердің саны жөнінен Қазақстан әлемде 166 елдің ішінде 70-орында орналасқан. Мұндай деректерді Еnergyprom.kz сайты жариялады.

Рейтингке сай, Қазақстанда 39 мың тұрақты әскер бар. Бұдан бөлек әскери құрылымдарда қарулы күштерге кірмейтін 31,5 мың адам қызмет етеді. 

Жалпы жиынтығы елде 70,5 мың әскери бар. 10 мың тұрғынға шаққанда 30 әскериден айналады.

Рейтингтте 2 млн 185 мың тұрақты әскері бар Қытай көш бастап тұр.

Екінші орында 1 млн 455 мың 550 әскері бар Үндістан, үшінші орында 1 млн 388 мың 100 әскері бар АҚШ орналасқан.

Мұнан кейін Солтүстік Корея (1 млн 280 мың) мен Ресей (1 млн 14 мың) жайғасқан.

Көршілес елдер ішінде Украинада 209 мың, Әзірбайжанда 126 мың 950, Өзбекстанда 48 мың, Беларусьте 45 мың 350, Арменияда 44 мың 800 әскер бар. Қырғызстан тұрақты әскерінің саны – 10 мың 900.

Әскери саладағы орташа жалақы 206 мың теңге. Ең жоғары орташа жалақы елордада тіркелген – 331,8 мың теңге. Ең төменгі орташа жалақы Шығыс Қазақстан облысында – 177,4 мың теңге.