ТҮРКІСТАН: Ордабасылық кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі

1008

3 жақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
94

Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаев ауданымыздағы шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әкім мен кәсіпкерлердің кездесуіне облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының бөлім басшысы Самат Көкінбай, облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директорының міндетін атқарушы Сапаралы Кұрбанов, «Ырыс» микро қаржы ұйымы төрағасының орынбасары Жандос Нұрлыбаев, Түркістан инвест бақылау одағының мүшесі Теміржан Жалғасбаев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ директорының орынбасары Ақылжан Сарыбай, «Атамекен» ҰКП Ордабасы аудандық филиалының директоры Сейдахмет Бердімұратов пен тиісті дербес бөлім және мекеме басшылары, Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы, микро қаржы ұйымы «Ырыс» ЖШС-нің Темірлан, Төрткүл бөлімшесінің несие сарапшылары, аудан кәсіпкерлері қатысты.

«Президент Жолдауында 2025 жылға дейін ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға, еңбек өнімділігінің нақты өсімін кем дегенде 1,7 есеге арттыруды айтты. Сіздермен өткізіліп отырған мәжілістің негізгі мақсаты, аграрлы секторға бағытталған ауданымызда жергілікті халықтың бейімділігін ескере отырып, ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлік саласындағы кіші жобаларды дамыту. «Қарапайым заттар экономикасы», жобасы, «Бизнестің жол картасы-2025», «Еңбек» бағдарламасы аясында көрсетіліп отырған қолдауларды тиімді пайдалануды түсіндіру. Осы бағытта біздер кәсіпкерлер үшін сервистік және сүйемелдеу қызметін көрсетіп отырған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы мен «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету» орталығымен бірлесіп жұмыс жүргізуіміз қажет», — деді аудан әкімі өз сөзінде.

Мәжілістің күн тәртібінде микро қаржы ұйымдары арқылы шағын кәсіпкерлікті қолдауға берілетін несие шарттары, шағын және орта кәсіпкерлікке берілетін мемлекеттік қолдау тетіктері, жеке кәсібін дамытуға ниеттілерге көрсетілетін қызметтер мен қолдаулар туралы кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, кәсіпкерліктің әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында «Борте Милка», «ЮгЖилПроект», «ЮгЖилПроект», “Батсу Водоканал”, «Ордабасы өнімдері”, “Оңтүстік кірпіш”, “Аделя” өндіріс орындары мен «Кейкеев» жеке кәсіпкерік кәсіпорын басшылары, аудан әкімдігі және Бадам ауыл округі әкімдігі арасында 3 жақты ынтымақтастық меморандумға қол қойылды.