«ҚАРТТАРЫМ — АСЫЛ ҚАЗЫНАМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

966

01- қазан, »Қарттар күніне» орай Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Aутрич,NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімі мамандары және «Мейірім» қайырымдылық қорының директоры Асан Жазира Тилеубергенқызының қолдауымен «Қарттарым-асыл қазынам» тақырыбында мерекелік шара өтті.

Мерекелік шараның мақсаты: қарттарымызды сыйлау, олардан үлгі-өнеге алу.
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай:
«Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар», – деп қарияла­рымыздың азайып бара жатқандығын сөзге тиек ете отырып, көзі тірі ата-әжелерімізді қадірлеп, сыйлып, құрмет көрсетуге шақыру.

Аталмыш шара барысында «Қарттарым — асыл қазынам» атты мерекелік дастархан жайылып, әнші Нурлан Турашов домбырамен ән салып берді. Сонымен қатар қазыналы қарттарға жеміс — жидек себеттері тарту етілді.

Кездесуде барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша кездесуге қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.