ЕРІКТІ ЖАСТАР КІТАПХАНАҒА ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ

1113

Шымкент қаласы “Жастар ресурстық орталығы» Қаратау ауданы бөлімінің ұйымдастыруымен “Birgemiz: Asyl Mura” жалпыұлттық жобасы аясында “Қазақстан еріктілер лигасы” ұйымының еріктілері мен студент жастары «Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасына» экскурсия жасады.

Мақсаты- жастарды кітап оқуға, білімді де, білікті болуға шақыру.

Экскурсия барысында ұлы ғұламаның өмірбаяны мені қанатты сөздері жайлы және кітапханадағы Әл-Фарабидің шағын мұражайымен танысып,ұлымғұлама ғалымның адзамзат мәдениетіне қосқан ұланқайыр еңбегін тану. Сол арқылы ұлттың рухани тірегіне айналдыру.

Іс-шарада барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кірді.