ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ САБАҚ ӨТТІ

1141
Мектеп оқушыларын дұрыс жолға салатын, болашақта тәртіпті азамат болуына өз септігін тигізетін жандар — ол ата — ана, мұғалім және ювеналды полиция инспекторлары. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың және құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау аса жауапты мәселе болғандықтан Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасы Ювеналды полиция қызметкерлері үнемі кең ауқымды профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырып тұрады.
Жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналдық полиция инспекторлары қаладағы №39 М.Жұмабаев атындағы білім беретін мектебінің 8 және 9 сынып оқушыларымен кезекті рет кездесті.
Бұл кездесуде кәмелет жасқа толмағандардың арасында қылмыстың алдын — алу, құқық бұзушылықтың, нашақорлыққа, әлімжеттікке, суицидке жол бермеу, адам саудасы, тұрмыстық зорлық — зомбылық профилактикасы бойынша әңгіме жүргізіліп, лекция оқылды.
Ювеналдық полиция инспекторлары оқушылармен күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Басты мақсат кәмелет жасқа толмағандардын арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау болып табылады. Жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда.