ШЫМКЕНТ: Геопортал жүйесі арқылы заңсыз құрылыстар бақылауда болады

1025

Өңірлік геоақпараттық жүйесі (ГЕОПортал) арқылы құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламалар қолжетімді болады. Бұл мәселе Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы және «KAZGISA» ЖШС-і қызметкерлерімен өткен дөңгелек үстел кезінде талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала аумағындағы заңсыз және техникалық атқарушы құжаттарсыз салынып жатқан құрылыс нысандарын оңай анықтау мақсатында құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаларды ГЕОпорталға тұрақты енгізу және толтырылған әкімшілік хаттамалардың да енуі бойынша ұсыныстар берілді. Шымкент қаласының геопорталы пилоттық режимде пайдалануға енгізілген. Бірыңғай платформада қала инфрақұрылымының объектілері туралы ақпарат орталықтандырылған. Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер автоматтандырылып, іске қосылды.