«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕР ЖАЛҒАСУДА

733
Бүгін Шымкент қаласындағы бірқатар мектепте «Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында баскетбол, волейбол және футбол ойындарынан сайыс өтті.
Салауатты өмір салтын насихаттауға негізделген турнирде қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қатысушыларға сәттілік тіледі. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарысқа қаланың жалпы 2000-ға жуық мектеп оқушылары бақ сынауда.
Аталған сайыстар санитарлық — дезинфекциялық және карантин талаптарына сәйкес өткізілуде. Сол себептен турнирге қатысушылар арнайы бекітілген кесте бойынша бақтарын сынауда.
Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, бос уақытты тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған спорттық іс-шаралар одан әрі жалғасын табатын болады.
Айта кетейік, жарыс қорытындысы бойынша спорт түрлерінен І, ІІ, ІІІ орын алған командалар диплом, медальдармен марапатталады. Сонымен қатар, спорт түрлерінен «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы», «Үздік жетекші», «Үздік жанкүйер», «Үздік фан — клубы» «Үздік тәрбиеші», «Үздік білім беру мекемесі» номинациялары бойынша марапаттар табысталады.