Қытайдың ең ірі қаласында қатаң карантин енгізілді

878

Қытайдың ең ірі қаласы, қаржы орталығы Шанхайда COVID-19 жұқтырғандар санының өсуін тежеу ​​мақсатында қатаң карантин енгізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

«26 миллион адам тұратын мегаполистің шығысы дүйсенбіден жұмаға дейін жабылады, ал карантин батыс жағына 1 сәуірде  енгізіледі», — деп хабарлады қаланың COVID-19 алдын алу және бақылау штабы.

Қатаң карантин режимі кезінде зардап шеккен аудандардың тұрғындары үйде болуы керек, сонымен бірге олар қажетті заттарды контактісіз жеткізу қызметтерін пайдаланып алдыра алады.

Тұрғындардың күнделікті қажеттіліктері мен қала тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардан бөлек, барлық мекеме онлайн форматқа өтеді. Қатаң карантин режимі бар аймақтарда көлік қызметтері, соның ішінде автобус қызметі, метро, ​​паром, такси және автокөліктерді онлайн брондау қызметтері уақытша тоқтатылады.

Карантин омикрон штамының таралуын тоқтату, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ COVID-19 инфекциясын жұқтыру жағдайларын динамикалық түрде нөлге дейін төмендету мақсатында қабылданып жатқаны айтылды.