«Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық»

1298

Шымкент ҚПД Қаратау ауданы Полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Аярбекова Назым Сайрам медициналық колледжінде оқитын студенттерге» Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылсыз» Қазақстан көпшілік халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мен оның алдын алу саласында құқық қорғау органдарының кәсіби дағдыларын көтеру болып табылады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық түрлері, күш көрсету зорлық- зомбылығы, психологиялық зорлық-зомбылық, сексуалдық зорлық-зомбылық және экологиялық зорлық-зомбылық түрінде болу мүмкін.  Қазақстан республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы, Кодексінің 73 бабына сәйкес» отбасы тұрмыстық қатынастар аясында құқыққа қарсы әрекеттер қорлау тиісу, кемісту үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру үй тыныштығын бұзу жасалған басқа да әрекеттер жатады. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікке қаралатынын түсіндірілді. Отбасылық қарым-қатынастағы құқыққа қайшы әрекеттердің басым бөлігі жасырын түрде қалып қалады. Осылайша бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету мәселесін қиындатады. Сондықтан бұл жағдайда қорықпастан міндетті түрде «102» арнасына немесе «111», «150» қауырт желілеріне хабарласу қажеттігін ескертеміз. Сөз соңында жастар арнайы мамандарға сауалдарын, жолдап өзара пікір алмасты.