AMANAT партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021 — 2025 жылдарға арналған Шымкент қаласының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген Жол картасындағы 97, 98, 99 және 100-ші іс-шараларының орындалуын бақылау жасау мақсатында Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Сүлейменов Қайрат Мұсаханұлы Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында болып, құзырлы мекеме мамандарымен жолықты.
Жол картасындағы 97, 98, 99 және 100-ші іс-шаралары, яғни «Ынтымақ» қосалқы станциясын іске қосу, 430 мың адамды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ететін «Оңтүстік» және «Қызылсу» 2 қосалқы станцияларын іске қосу, электр қуатымен қамтуды 180 МВт-тан 350 МВт-қа арттыру және сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету іс-шаралары бойынша энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында тиісті мамандар нақты ақпараттарын ұсынды.