Мұрат Құсайынов: «Димаш Еңбек сіңірген қайраткер атағына лайық емес»

1684

Әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Құсайынов Димаш Құдайбергеннің беделді атақ алғанына үзілді-кесілді қарсы.

Оның пікірінше, бұл атаққа қол жеткізу үшін Димаш кемінде 20-30 жыл сахнада өнер көрсетіп, тер төгуі тиіс, деп хабарлайды Экспресс К.

«Димашқа алды да «Қазақстан еңбек сіңірген қайраткерін» беріп жіберді. «Қайраткер» деген үлкен атақ. Ол Дос-Мұқасанда мен де ғана бар. Ол үшін 20-30 жыл қызмет істеп барып алу керек. «Қайраткер» деген сөзді білесіз бе, өте жоғары. Соны алады да екіңнің біріне береді. Соны да Димашқа да беріп жіберді. Ол қайраткер деген атақты енді ары қарай алып жұру керек», — дейді Мұрат Құсайынов.

instagram.com/dos_mukasan_official

Димаш «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына 2019 жылдың 12 желтоқсанында ие болған.

Экспресс К бұған дейін белгілі әнші Бақыт Шадаева Димаштың дауысы қойылмағанғ алысқа бара алмайды деп сын айтқанын жазды. Кейін ол осы айтқан сөзін түсіндіріп, халықтан кешірім сұрап еді.