АШЫҚ ДИАЛОГ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

891
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Абай ауданы тұрғындарымен кездесулері мен азаматтарды жеке қабылдауы барысында ауданға қатысты 110 хаттамалық тапсырма берген-ді. Бүгінде оның 57-сі орындалып, 53-і жұмыс барысында. Соның ішінде Ынтымақ шағынауданына қатысты бірқатар мәселе шешілген.
Бүгін қала әкімі аудан тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстарды қоғамдық бақылау кеңесінің мүшелерімен бірге талқылады.
Шешімін тапқан мәселелердің бірқатарына тоқталар болсақ ;
— Ынтымақ-2 шағынауданын сапалы табиғи газбен қамту мақсатында жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Құрылыс жұмыстары келер жылға жоспарланған.
— Есенов көшесінің жарықтандырылмаған 1,2 км бөлігінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде, қыркүйек айында аяқталады
— Есенов көшесіндегі тозығы жеткен 300 метр аяқ жол салуға қаржы қаралды. Бүгінде мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде, қыркүйек айында аяқталады.
— Ынтымақ-2 шағын ауданындағы 5 топырақ жолға шағал тас төселеді. Мердігер мекеме тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Қыркүйек айына дейін пайдалануға беріледі.
— Темірлан тас жолынан кіретін Ирисмат ата көшесі №55 қоғамдық көліктің бағытын кеңейту жұмыстары тамыз айының соңына дейін атқарылатын болады. Сонымен қатар, аяқ жол салу жұмыстары жолды кеңейту жұмыстары атқарылған соң жүргізіледі.
-«Жаңаталап» тұрғын алабындағы Айбар көшесінің жалғасы (0,5 км) ағымдағы жөндеу жұмыстары есебінен асфальтталады. Жұмыстар 2022 жылдың қазан айында аяқталады.
 «Самал-3» шағынауданында кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстары 75 пайызға аяқталды. Жыл соңында 4300-ге жуық үйге кәріз қосылады.
Қала әкімі Абай ауданы белсенді тұрғындарымен кездесуде қала аумағына енген елдімекендердің инфрақұрылымдық жағдайы күн тәртібінен түспейтінін, мәселенің орындалуы тұрақты бақылауда екенін жеткізді.