Шымкентте: Тәртіп сақшылары мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді

864
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші АПБ ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы полиция аға лейтенанты М.Баймахан қаладағы №96 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, кездесу өткізді.
Полиция аға лейтенанты М.Баймахан күнделікті өзіне бекітілген мектеп жанында тұрып, балаларды сабаққа күтіп алып, шығарып салады. Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы №96 жалпы орта білім беретін мектепте оқушыларымен жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып, оқушылар өздерінің сұрақтарына жауап алды.
Мектеп инспекторы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды болдырмауға, заңдылық пен құқық тәртібін қорғауға зор үлес қосып жүр. Алға қойған мақсаты мен қолға алған ісін соңына дейін жеткізіп, абыройлы қызмет етіп жүрген тәртіп сақшысы мектеп басшылығы тарапынан да алғысқа бөленуде – деді өз сөзінде мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Берік Қалдарбекұлы.