«ЖАСТАР ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

887
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «ЖАСТАР ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» атты Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес өткізілді.
Кеңестің мақсаты мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда және жастар арасындағы шешімін таппаған күрделі мәселелерді шешу жолдарын қарастыру, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын қадағалау.
Кеңеске Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы, мәслихат депутаттары, аудан әкімдері, құқық қорғау және аумақтық департамент басшылары, қала әкімдігінің басқарма басшылары, жоғарғы оқу орындардың басшылары мен белсенді жастар және БАҚ өкілдері офлайн режимінде қатысса, кәсіпорындардағы және аудандық Жастар ресурстық орталықтары арқылы белсенді жастар онлайн ЗУУМ арқылы қатысып, өз ойларымен бөлісті.
Кеңесте Шымкент қаласындағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуында жеткізген нәтижелері, жастардың дамуы мен шешімін таппай жүрген мәселелер айтылып, мемлекеттік бағдарламаны тиімді пайдаланып, нәтижесін көріп отырған жастар өз ойларымен бөлісті.
Сондай-ақ кеңес соңында аталған мәселелер бойынша пікір алмасып, ұсыныстар тыңдалып, хаттамалық тапсырмаға енгізілді.
Кеңесте барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізіледі.