ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА «ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ШЕҢБЕРІНДЕ 20 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

1049

Шымкент қаласы Қаратау ауданында жаңадан 2 индустриалды аймақ ашу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ardak.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Қаратау ауданының әкімі Р. Мүлкемановтың қатысуымен Мемлекет басшысының тапсырмаларының аудан аумағында іске асырылу барысы төңірегінде өткен баспасөз брифингінде айтылды.
– Биыл Қаратау ауданы аумағында «Халық қатысатын бюджет» шеңберінде 20 жоба іске асырылды. Нақтырақ айтқанда көгалдандыру, тротураларды жайластыру, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу, ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу, жарықтандыру, бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу, қоқыс тастайтын орындарды жою, ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу. Аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру іс-шаралары дауыс беруге шығарылады және іске асырылады. Ал 2023 жылы 25 жобаны жүзеге асыру жопарланып отыр, — деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейту бойынша берілген тапсырмасына сәйкес, ауданда жаңадан 2 индустриалды аймақ ашу жұмыстары басталды.
Қаратау ауданына биылғы жылы 40 млрд. теңгені құрайтын инвестиция тарту тапсырылған болса, бүгінде оның 45 пайызы орындалған.
2023 жылдың соңына қарай аудан аумағындағы барлық елді мекендер сапалы ауыз сумен 100 % қамтылса, биылғы жылдың соңында сапалы электр жарығымен қамту көрсеткіші — 97% пайызды құрайтын болады.
2022 жылдың қортындысымен елді мекендердің 90% табиғи газбен қамтылса, 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 100% жеткізу жоспарлануда.
Сондай-ақ, «І-komek 109» ситуациялық орталығына жыл басынан аудан құзырына қарасты 585 өтініш келіп түскен. Оның 571-не жауап берілсе, 14 өтініш бойынша тұрғындармен кері байланыс орнатылып, тиісті жұмыс атқарылуда.