Ғылыми жоба жарыстарға қатысқан шымкенттік оқушылардың 30-ға жуығы жеңімпаз атанды

606

Биылғы оқу жылында республикалық ғылыми жоба жарыстарға қатысқан шымкенттік оқушылардың 29-ы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ardak.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қалалық білім басқармасының дерегінше, 2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиададан 60 оқушы жеңімпаз атанып, алтын, күміс, қола медальдармен және I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталған. Оның 10-ы алтын, 17-і күміс, 33-і қола медаль иегерлері. Халықаралық олимипиадалар бойынша 3 оқушы III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен қоса, республикалық байқауларда 22 оқушы I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Оның 1-і бас жүлде, 3-і – I орын, 3-і -II орын, 12- і – III орын, 3 номинацияға ие болды.

Жас буынды жан-жақты дамытуды көздейтін ұлттық деңгейдегі «Елбасы медалі» бағдарламасына қала бойынша 371 оқушы қола, 4 оқушы күміс медальмен марапатталды. Олар жеті бағыт бойынша тапсырма орындап, білім мен шеберліктерін жетілдірді. Спортпен шұғылдану, өнерге бет бұру, төл мұраны дәріптеу, қайырымдылық жасау мен кітап оқудан сынақ тапсырды. Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XIV Президенттік олимпиаданың үшінші кезеңінен Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Олейников Данил ҚР БжҒМ-нің ІІ дәрежелі дипломымен және медалімен марапатталды. 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық лингвистикалық олимпиадасының үшінші кезеңінің қорытындысы бойынша 2 оқушы ІІІ орынды иеленді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың төртінші кезеңінің қорытындысы бойынша 48 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

Жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған жасөспірімдер олимпиадасының республикалық кезеңінен 1 оқушы ІІІ орын иеленді. Айта кету керек, 2021-2022 оқу жылында қаламыздағы 203 мектепте 242 525 оқушы білім алса, оның ішінде 11 сыныпта — 11 189 оқушы,9 сыныпта – 19 251 оқушы.