Шымкент қаласында балалардың қосымша біліммен қамтылуын арттыру мақсатында 3 қосымша білім беру ұйымдары салынуда, деп хабарлайды ardak.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бүгінгі таңда қаламызда балалардың қосымша біліммен қамтылуын арттыру мақсатында 3 қосымша білім беру ұйымдары салынуда. Атап айтсақ, пайдалануға беру мерзімдері бойынша: — 2022 жылы 150 орындық 1 өнер мектебі (5 000 баланы қамтитын); — 2023 жылы 500 орындық 1 оқушылар сарайы (9 000 баланы қамтитын); — 2024 жылы 500 орындық 1 оқушылар сарайы (9 000 баланы қамтитын) пайдалануға тапсырылатын болады. Шымкент қаласында өткен жылы жаңадан 25 мектеп ашылды. Нәтижесінде қаладағы мектеп саны 203-ке жетті. Онда 242 525 оқушы білім алуда. Оның 152-і мемлекеттік, 51-і жекеменшік мектеп. Қалалық білім басқармасының дерегінше, 2021 жылы 1-сыныпқа жалпы саны 26 569 бала (қазақ тілінде – 18 755, орыс тілінде – 4 125, өзбек тілінде – 2 125) қабылданған.
Оның ішінде мелекеттік мектепке 22 484, жекеменшікке 4 085 бала қабылданған. 2022 жылы 1-сыныпқа 27 000 оқушы қабылдау жоспарланса, бүгінгі күнмен қабылданған оқушы саны – 18 912 яғни 70% құрап отыр. 2022 жылы оқушыларды қосымша біліммен қамту жоспары — 77,1%, жоспарланған. Қалада 11 қосымша білім беру ұйымдары және 17 аула клубтары және мектепішілік түрлі үйірмелерде қала оқушыларының 77 пайызы (186 986 оқушы) қосымша біліммен қамтылған. Оның ішінде жан басына қаржыландыру есебінен 30 000 бала қамтылуда Қаралған қаржы –көлемі 4 672,1 миллион теңге құрайды. Атап айтар болсақ, спорт басқармасы — 14 000 бала, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы – 16 000 бала.
Ал, білім басқармасы тарапынан балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысының қаржы көлемі белгіленіп, қосымша 2 000 баланы қамту ағымдағы жылғы қыркүйек айына жоспарланып отыр. Айта кетейік, қазіргі таңда, мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту үшін толық жағдай жасалған. Қаралған қаржы – 10 703,4 миллон теңге. Оның ішінде, 2022 жылдан бастап 1-4 сынып оқушылары 100% ыстық тамақпен қамтылған.