ШЫМКЕНТТЕ 200-ШІ БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ

775
Бүгін №1 қалалық клиникалық ауруханасының базасында 200-ші бүйрек трансплантациясы өтті. Рецепиент 6 жылдан бері бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрып, гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Алдағы уақытта рецепиент қалыпты өміріне қайта оралады.
Мұндай оталар әдетте 7-8 сағат уақытты алса №1 қалалық клиникалық ауруханасының білікті дәрігерлері 3-4 сағатта отаны сәтті аяқтауда. Қазір бүйрек жетіспеушілігімен Шымкент қаласы бойынша 2000-ға жуық науқас тіркеуде тұр және де алдағы уақытта науқастарға жоғарғы медициналық көмек көрсету жүргізіледі.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі