Шымкент 4 рет «Алтын түйме» белгісіне ие болды

1032

Шымкент қаласы электронды журналды жүйелі жұмыс жүргізуі мен белсенділігі бойынша 4 рет «Алтын түйме» белгісін жеңіп алды, деп хабарлайды ardak.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шымкент қаласы білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2020-2021 оқу жылының бірінші және екінші жартыжылдығында, сонымен қатар 2021-2022 оқу жылының да бірінші және екінші жартыжылдығында, яғни қатарынан 4 рет те де Шымкент қаласы электронды журналды жүйелі жұмыс жүргізуі мен белсенділігі бойынша «Алтын түйме» белгісін жеңіп алды. Қазіргі таңда жүйеде 200-ден астам орта білім беру ұйымдары жұмыс жасайды және 24552 педагог, 275 179 оқушы, 229 226 ата-ана тіркелген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарындағы «Электрондық журналдар мен күнделік жүйесін енгізу» тапсырмасы бойынша Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты орта білім беретін ұйымдары 2016 жылдан аралас, 2020 жылдан бері толық бірыңғай Күнделік ЖШС ұсынған электронды журналына көшті. Қаладағы жалпы білім беру ұйымдары бағыныстылығына қарамастан толығымен «Kundelik.kz» электронды журналы мен күнделік жүйесімен жұмыс жасайды.

Аталған электронды журнал педагогтердің қағазбастылық жұмысынан арылту және оқушылар мен олардың ата-аналарының кез-келген уақытта сабақ кестесін, бағалар тізімін, сабақ реттілігін көру үшін ашықтық мақсатында пайдаланылуда. Күнделік электронды журналын жүргізуде жүйенің ұсынған қызметтері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары мен жаңа бағдарламаларына сәйкес және төтенше жағдай жарияланған кезеңде мұғалімдер мен оқушыларға жүйелі жұмыс жасауға жағдай жасалғандығын айтуға болады. Күнделік ЖШС-ның пайдаланушылары мұғалімдердің электронды журналы, оқушылардың электронды күнделігі, ата-аналарға арналған бақылау қызмет түрлері мен мобильді қосымшаларын, апта сайынғы талдау және есептілік жүйесін, КүнделікТрекер қызметін, пәндер бойынша дайын бейнесабақтарды қарау, онлайн сабақтарды ұйымдастыру үшін MS Teams платформасында бейнеконференцтер жасау жұмыстарын жүйелі, әрі ақысыз қолданып келеді.

Күнделік электронды жүйесінде педагогтер журналды жүргізіп, оқушылар күнделіктері мен жүйедегі бейнесабақтарды көре алады, ал ата-аналар өз балаларының бағаларын, сабақ кестесі мен қатысуын бақылай алады. Айта кетейік, әр жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өңірлер арасында «Kundelik.kz» компаниясы ұсынған «Алтын түйме» белгісі табысталып тұрады.