Қазақстандық жас өнерпаз Меладзе мен Лободаны тәнті етті

1559
Орал қаласының тұрғыны ресейлік «Дауыс. Балалар» телебағдарламасында қазылар алқасын тәнті етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 
11 жастағы Ержан Максим Бірінші арнадағы «Дауыс. Балалар» байқауына қатысты. Оның өнер көрсеткендегі сәті жобаның ресми Youtube-каналында жарияланды. Ержан Андреа Бочеллидің Ama credi e vai әнін орындады.

Қазақстандық жас өнерпаз байқаудың қазылар алқасын (Светлана Лобода, Пелагея және Валерий Меладзе) тәнті етті. Үшеуі де қазақстандыққа бұрылып, алған әсерімен бөлісті. Ержан Максим жетекші ретінде Меладзені таңдады.
«Ал, қымбатты менің инстадостарым, ақырында, кімнің командасына өткенімді білдіңіздер. Алдымызда көптеген жұмыстар бар, сондықтан «жекпе-жек» кезеңінде бағымды сынайтын боламын», — деп жазды Ержан Instagram-дағы аккаунтында.
Осыған дейін, Ержан Максим және тағы төрт қазақстандық жас өнерпаз ресейлік «Дауыс. Балалар» тележобасының кастингінен өткені хабарланған еді. Ержан — Қазақстандағы Junior Eurovision 2018 байқауына іріктеуге қатысушылардың бірі.