Басты Шымкент Шымкентте шенеунік әйелден 10 млн теңгенің мүлкі табылды
Шымкентте 200 мың доллар жымқырды деген күдікпен ұсталған Ұлттық бюро тергеушісінен тағы 10 миллион теңгенің мүлкі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz«Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Одан бөлек, бұрынғы мемлекеттік қызметкердің жекеменшік үйі де жеті миллион теңге тұрады екен. Қазір ол қамауда. Ұсталған әйелдің кәмелетке толмаған балалары бар. Ұрланған ақшаның үштен бір бөлігін тергеушілер тауып үлгерді.
— Аумақтық орган басшылығы тарапынан бақылау болмаған. Содан, 2011 жылдан бері айыпты қызметкер алдында жасаған қылмыстарының іздерін жасыру үшін жаңа қылмыстар жасаған. Өз айыбын толық мойындағанына қарамастан ендігі бұрынғы қызметкер қамауға алынды. Тергеу барысында қазірге дейін қолды болған ақшаның 67,5 мың доллары анықталды, — деп хабарлады Ұлттық бюроның ішкі қауіпсіздік басқармасының жетекшісі Ернар Баянғазин.