Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағат ұйықтау керек?

2544
Ғалымдар ұзақ өмір сүру үшін тәулігіне неше сағат ұйықтау керектігін анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы kp.ruсайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Түн ұйқысы мәселелерін зерттейтін маман Мэтью Уокер мезгілсіз қазаға душар болмау үшін тәулігіне неше сағат ұйықтау керектігін анықтады.
Оның сөзіне сенсек, адам денсаулығы үшін тәулігіне сегіз-тоғыз сағат ұйықтау маңызды.
Уокер ұйқыға ерекше мән беру керектігін алға тартты. Профессордың айтуынша, ұйқының қанбауы семіздік, қатерлі ісік немесе жүрек ауруларын тудыруы мүмкін.
«Егер сіз тек алты-жеті сағат ұйықтап жүрсеңіз, қандай да бір дертке душар болу қаупі көбейеді», — дейді Уокер.