Шымкент қаласында алты ай ішінде 2938 медициналық қызметкерлер шет елде және республикалық орталықтарында біліктілігін арттырған, деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ardak.kz. Арнайы оқытудан өткен медицина мамандары арасынан қалада алғаш рет балаларға кеңес беру үшін он педиатриялық мобильді бригада құрылды. Бұл мобильді топ дәрігерлері тәуекел тобындағы балаларды уақтылы анықтау, оларды стационарлық емдеуге жіберу жұмыстарымен айналысады. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, Шымкентте кадр тапшылығы — 76, негізгі қажет мамандар неонатолог, реаниматолог, гематолог, иммунолог, сурдолог. Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы кадрларды қолдау мақсатында резидентураға оқуға 87 жолдану жоспарлануда.
Айта кетейік, денсаулық сақтау басқармасының ведоствалық бағынысты 33 медициналықұйымы бар, оның ішінде 12 емхана, 15 аурухана, 6 басқа ұйымдар. Қалада тәуліктік 4125 төсек- орын күндізгі стационарда 1959 төсек –орын бар. Шымкент қаласында 4760 дәрігер қызмет етеді 10 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 42,1 құрап отыр, 10496 орта буын медициналық маман қызмет етеді 10 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 92,8 құрап отыр. Шымкент қаласының тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 4 жаңа медициналық орталық ашылып 50 мың халыққа қызмет көрсетуде.
Сонымен қатар бір дәрігердін жүктемесі 1616 дейін төмендеді. 2022 жылдың 1 сәуірден бастап аурухананың базасында амбулаторлық коронароангиография және стендттеу қызметі көрсетілуде Қалалық онкологиялық орталықта, №1 қалалық клиникалық ауруханада, қалалық клиникалық балалар ауруханада және Шымкент жүрек орталығында республикалық мамандарымен 8 мастер-класс өткізілді, оған 120 маман қатысты.