Мереке күндері шымкенттік автоХҚО және ХҚО-лар жұмыс істейді

783

27 тамыз сенбі күні Шымкенттік автоХҚО және ХҚО-лар жұмыс істейді, деп хабарлайды ardak.kz.

30 тамызда Қазақстанның ең басты мемлекеттік мерекелелерінің бірі — Конституция күні атап өтіледі. Биыл мереке сейсенбіге түседі, демалыс күні 27 тамыздан 29 тамызға ауыстырылды. Осыған байланысты 27 тамыз, сенбіде ХҚО-лар 9:00-ден 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚО-лар 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. 28-30 тамыз аралығында ХҚО-лар жұмыс істемейді. Қалған күндері жұмыс кестесі сол қалпы сақталады. Жұмыс күндері кезекші ХҚО-лар сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Қалған ХҚО бөлімдерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін. Айта кетейік, Шымкент ХҚКО-лары арқылы жеті айда 112 мың паспорт пен жеке куәлік берілді. 2022 жылдың жеті айында шымкенттіктерге 112 565 жеке куәлік пен паспорт берілді. Паспорт пен жеке куәлікті алу қызметі әлі онлайн режимінде қолжетімді болмай тұр. Бұл құжаттарды рәсімдеу үшін міндетті түрде ХҚКО-ға жүгіну қажет.

Десе де, қызмет эксаумақтылық қағидаты бойынша көрсетіледі – өзіңіздің тіркелген мекенжайыңызға қарамастан кез келген ХҚКО-ға бара аласыз. ХҚКО-ларда жеке куәлік пен паспортты ресімдеу бойынша операцияны көші-қон қызметі көрсетеді.Егер төлқұжат алу үшін бірінші рет келіп тұрсаңыз, сізге тек жеке куәлік қажет болады. Егер сіздің төлқұжатыңыздың мерзімі аяқталса, оны мерзімі аяқталғанға дейін 1-2 ай бұрын ауыстыра аласыз. Төлқұжаттың мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа төлқұжат алу үшін өтініш білдірсеңіз, кешіктіргеніңіз үшін айыппұл қарастырылмайды. Төлқұжат үшін мемлекеттік баж – 8 АЕК (2022 жылдың 1 қаңтарында белгіленген АЕК) немесе24 504 теңге. Қызмет көрсетудің стандартты мерзімі –15 жұмыс күні. Алайда, Шымкенттік тұрғындар қосымша төлем жасау арқылы бұл процесті жеделдетуге және үш күннен бір жұмыс күніне дейін қысқарта алады.