Актриса Самал Еслямова түркістандық жастармен кездесті

1148
Түркістандағы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Айка» толықметражды психологиялық драмасының көрсетілімі өтті. Шараға  71-ші Канн фестивалінде «Ең үздік әйел рөлі» номинациясын жеңіп алған бас кейіпкер Самал Еслямова мен туындының режиссері Сергей Дворцевой арнайы келіп, өрермендермен қауышты,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дың ректоры Б.Әбдірәсілов қонақтарға облыс әкімінің атынан сый-сыяпат жасап, жемісті еңбектері үшін алғыс білдірді.   Өз кезегінде туынды режиссері Сергей Дворцевой жүрекжарды лебізін жеткізіп, алты жылға созылған түсірілім барысын баяндады. Таспалау кезіндегі қиындықтармен бөлісіп, өз рөлін мінсіз ойнап шыққан актрисаның шеберлігін атап өтті. Ал, Айка образын сомдаушы Самал Еслямова тағдыры ауыр қырғыз қызының рөлі оңайға соқпағанын айтып, болашақтағы жоспарларын ортаға салды.  Көрермендердің сұрақтарына жауап беріп, БАҚ өкілдерімен жүздесті.   Айта кетейік, оқиға желісіне Мәскеуде жұмыс істейтін қырғыз әйелінің әлеуметтік жағдайы арқау болған. Туындыда Қырғыз Республикасынан Мәскеуге келген қыздың қиын тағдырын суреттеледі. Ресей астанасы өзге қырынан көрсетіліп, мегаполисті мигранттардың көзімен бейнелейді.
Актриса Самал Еслямова түркістандық жастармен кездесті
Актриса Самал Еслямова түркістандық жастармен кездесті