Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Шымкент қаласындағы мектеп-интернаттың балғындарына құттықтау хатын жазды,деп хабарлайды Ardak.kz
Шымкенттегі №4 балалар үйінде жаңа жыл мерекесі кең көлемде аталып өтті. Мерекелік кешке қатысқан шаһар әкімі Ғабидолла Әбдірахымов балалар үйіндегі жеткіншектерді құттықтап, балаларға арнайы дайындалған спорттық костюмдер жиынтығын табыстады.
Сайрам тұрғын үй алабындағы балалар үйінде 80 жасөспірім тәрбиеленуде. Кеш барысында қала әкімі балалар үйінің тыныс-тіршілігімен танысып, тәрбиеленушілердің мәселелеріне құлақ түрді. Кеште балғындар қонақтарға арнап ән салып, би билеп, өз өнерлерін паш етті.
Мұнан соң қала әкімі Сайрам көмекші мектеп-интернатына атбасын бұрды. Онда Ғабидолла Рахматтолаұлы Елбасының мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне жазған құттықтау хатын оқып, аталған мекеме директорына автокөлік кілтін табыстады.