ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ 15000 АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛДІ

944
Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, қаланың жасыл белдеу көлемін ұлғайту жоспарға енген болатын. Осыған орай қала аумағында «Жасыл қала» акциясы өтті.
Акция аясында Шымкент қаласы Қаратау ауданы «Шымсити» және «Тұран» шағынауданындары аумағына сенбілік ұйымдастырылып, арық-атыздар, аулаларда тазалық жұмыстары жүргізіліп, 15 000-ға жуық ағаш көшеттері отырғызылды.
Сенбілікке Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты басқармалар мен Қаратау ауданы әкімінің аппараты қызметкерлері жалпы саны 600-ге жуық қызметкер қатысып, 6 техника жұмылдырылды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі