ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАУЛАРЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН 12 АДАМ ТАБЫЛДЫ

873
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Олар бір отбасының мүшелері екен. 31 желтоқсан күні қойлы ауылдағы өз үйлеріне демалуға барған. Екі күн бойы болған қатты боран салдарынан жолдардың барлығы жабылғандықтан, олар кері кайта алмай, сол жерде калып койғаны анықталды.
3 қаңтар күні отбасы мүшелері үйге оралмағандықтан, үйде қалған отбасы мүшесі оларды іздеу қажеттігін айтып құтқарушыларға хабар берген.
Түркістан облысы ТЖД 112 пультіне Бәйдібек ауданы Байжансай тауына екі автокөлікпен жолға шыққан адамдардың жоғалғаны туралы хабарлама 2023 жылдың 5 қаңтарында сағат 10:00-де түсті. Жоғалған адамдар соңғы рет 2023 жылдың 3 қаңтарында сағат 16:00-де туыстарымен байланысқа шыққан болатын. Өтініш иесінің айтуынша жоғалған адамдар 3 қаңтар күні Шымкент қаласына қайтулары керек болған.
Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД құтқарушылары мен өтімділігі жоғары техникасы, ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды.
Құтқарушылар мүгедек әже мен екі қызды Түркістан қаласына эвакуациялады. Әжеге медициналық көмек қажет болған жағдайда, бұл жерге медицина қызметкерлерінің жетуі қиын болатын еді. Қалған 9 отбасы мүшесі ауылдағы үйде қалды. Олар эвакуациядан бас тартып, жол ашылған соң үйлеріне оралатынын айтты.
Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті дауылдық ескертулерге құлақ асуға кеңес береді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі