Мәжіліс депутаттары бала құқықтарын қорғау туралы Заң жобасы бойынша Сенаттың түзетулерімен келісті және егер онда балаларға арналған кибербуллингке жол берілген болса, әлеуметтік желіні толық бұғаттау мүмкіндігін жойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
«Сенаттың түзетулері балаға зиян келтіретін, тыйым салынған немесе өзге де түрде таратылуы шектелген ақпаратты орналастыруға жол берген Интернет-ресурстармен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тетігін өзгертуге бағытталған.
Сенат депутаттары бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органға балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша сараптама жүргізу тәртібін айқындау құзыреттін беруді, сондай-ақ кибербуллинг фактілерін интернет-ресурстарға қол жеткізуді тоқтатуға негіз болатын заңмен бекітуді ұсынды. Бұл ретте, заң жобасынан уәкілетті органның тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуді шектеу тәртібін айқындау жөніндегі құзыреті алынып тасталды.
Тұтастай алғанда, Сенат ұсынған өзгерістер мен толықтыру Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасы мен мазмұнын өзгертпейді», — деді депутат Жәмила Нұрманбетова Мәжіліс отырысында.
Депутаттар түзетулерді қолдап, дауыс берді.
«Заң жобасының тұжырымдамасын бірыңғай түсіну — бұл біздің балаларымызды қорлаудан қорғау. Сенат екі ережені нақтылады. Біріншісі — кибербуллингті анықтау бойынша сараптамалық комиссия құру, екіншісі — кибербуллингке қатысты материалдарды ғана жою. Бұл ұсыныстар Мәжіліс ұсынған тәсілдерге толық сәйкес келеді. (…) Қызу талқылау, пікірталастар болды, авторлар заң жобасының нормаларын принципті түрде қорғап, осы нормалардың прогрессивтілігін түсіндірді. Осы күрделі заң жобасын талқылауды аяқтаймыз», — деді Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов.